Қызылордада аса ірі мөлшердегі алаяқтық ашылды
Қызылордада ірі көлемдегі алаяқтығы үшін жас жігіт ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылордалық жас жігіт мамыр айында танысының сеніміне кіріп, жұмысқа орналастырамын, сондай-ақ қолжетімді бағамен баспана сатып алуға көмектесемін, сіңліңді университетке оқуға түсіруге ықпал етемін деген уәде беріп, жәбірленушінің 5.245.000 теңге сомасындағы ақшасын иемденген.
Алайда мамыр айынан бері күте-күте үміті үзілген жәбірленуші полицияға шағымдануға мәжбүр болған.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.