Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бала күтуші құны 3 млн теңгеден асатын зергерлік бұйымдарын ұрлап кетті

Қызылордада бала күтуші құны үш миллион теңгеден асатын зергерлік бұйымдарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылордада үй иесінің зергерлік бұйымдарын ұрлаған бала күтуші ұсталды.

10 шілде күні Қызылордада жергілікті тұрғын полицияға хабарласып, қымбат зергерлік бұйымдарының ұрланғандығын айтқан. Жатын бөлмедегі шкафтың ішінен құны үш миллионнан асатын қымбат зергерлік бұйымдар ұрланған. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде ұрлық жасаған бала күтуші анықталып, ұсталды.

Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайлары анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру