Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада бес есептегі сотталған жұмысқа орналастырылды

Қызылордада бос орындар жәрмеңкесінен пробация есебіндегі бес сотталған жұмысқа орналасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Пробация қызметкерлері пробация есебіне алынған сотталғандарды қайта қылмысқа бармас үшін жұмысқа орналастыруды басты назарда ұстайды. Осы орайда Қызылорда қалалық жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен “Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі” өтті. Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне пробация есебінде тұрған жұмыссыз сотталғандар қарастырылды.

– Жұмыс беруші мекемелерден дәнекерлеуші, жүргізуші, жұмысшы мамандықтарына сұраныстар көп болды. Нәтижесінде пробация қызметінің есебінде тұрған 21 сотталған қатысып, 5 азамат жолдама алды, – деді Қызылорда қалалық пробация қызметінің бастығы Р.Алимов.

– Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебіне жақында алындым. Жұмыссыз екенімді анықтаған пробация қызметі мені дереу жұмысқа орналастырудың жолын қарастырып, нәтижесінде бүгін жәрмеңкеден жолдама алып, дәнекерлеуші қызметіне орналастым. Әрбір пробация есебіне алынған азаматтарды жұмыссыз қалдырмай бізге көңіл бөлген қалалық пробация қызметінің басшылығына алғысым шексіз. Рухани дамып, адами құндылықтарды ұмытпай өз жұмысыма адалдықпен қарайтыныма сөз беремін,- деді А. есімді есептегі азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру