Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада көлік басқару құқығынан айырылған жүргізуші мас күйінде көлік басқарып жүрген

Қызылорда облысында көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

26 наурыз күні сағат 21:40-та Жаңақорған ауданы көшелерінің бірінде патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған жеңіл автокөлікті тоқтатқан. Автокөлікті басқарып келе жатқан Төменарық ауылының 42 жастағы тұрғыны мас болып шықты.

Тексеру  барысында бұл азаматтың сот шешімімен 2020 жылғы 14 сәуірде жеті жылға  көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғаны, алайда оның көлікті мас күйінде қайта басқарып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өміріне қауіп төндіргені анықталды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды. Жүргізуші аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бұл орайда, жол – көлік оқиғаларының алдын алу және оларды болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс тұрғындарына жолдағы жауапкершіліктерін күшейтуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру