Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мас жүргізушінің көлігінен есірткі табылды

Қызылордада мас жүргізушінің көлігінен есірткі табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Облыс көлемінде өтіп жатқан “Рефлекс” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы ПД Сырдария аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 22 қараша күні сағат 23:37 шамасында Шаған ауылына қарасты егістік алқапта 35 жастағы аудан тұрғынының басқаруындағы Nexia автокөлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында жүргізушінің көлікті масаң күйде басқарғаны анықталып, оған ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабына сәйкес хаттама толтыру кезінде жүргізуші есігі жағынан қағаз қиындысына оралған ерекше иісі бар шөп тәріздес заты анықталып, тәркіленді. Сараптама қортындысына сәйкес, анықталған зат “кептірілген марихуана” екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi заттарды өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру