Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мұнай өндіретін кәсіпорыннан кабель ұрлаған екі тұрғын ұсталды

Қызылордада мұнай өндіретін кәсіпорыннан кабель ұрлаған екі тұрғын ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Сырдария аудандық полиция бөліміне мұнай өндіретін кәсіпорынның директоры арызданған. 11 сәуір күні түнгі уақытта белгісіз біреулер мекемеге қатысты учаскідегі скважинасынан 37 метр кабелін ұрлап кеткенін көрсеткен. Келтірілген материалдық шығын сомасы шамамен 250 мың теңге.

Аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілдермен іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмысты жасады деген күдікпен екі облыс тұрғыны анықталып, ұсталды. Олардан айғақ зат ретінде кабель алынды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігіне сәйкес (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру