Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейдің заңды талабына бағынбай, қарсылық көрсеткен азамат жауапқа тартылады

Қызылордада полицейдің заңды талабына бағынбай, қарсылық көрсеткен азамат жауапқа тартылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

12 желтоқсан күні Қызылорда қалалық полиция басқармасының “102” арнасына хабарлама келіп түсті.

Патрульдік полиция қызметкерлері Ж.Баһадүр көшесінің бойында Toyota Camry авто көлігінің жүргізушісі алдыңғы терезесінің сынған күйінде көлікті басқарып келе жатқанын байқап автокөлікті тоқтатқан. Құқық бұзушыға заңға сәйкес әкімшілік хаттама толтыру барысында автокөлік жолаушысы қарсылық танытып, балағат сөздер айтып, полиция қызметкеріне қарсылық көрсеткен.

​Бұрын соттылығы бар күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.

Орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 380-бабының 3-бөлігімен (Билік өкіліне қатысты қорқыту немесе күш көрсету әрекеттері) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру