Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астана тұрғыны Корей Республикасының азаматын алдап кеткен

Астана тұрғыны Корей Республикасының азаматын алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есіл ауданы ПБ полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында алаяқтық жасады деген күдікпен 21 жастағы қала тұрғынын анықтады. 

Тергеу барысында жас қыздың әлеуметтік желі арқылы елордалық жоғарғы оқу орнының студенті – Корей Республикасының азаматымен танысқаны белігілі болды. Бірнеше күн бірге уақыт өткізген екеуі, таныстықтарын жалғастыру үшін сол  жағалаудағы қонақ үйге барған. Жас жігіттің сеніміне кірген қаскүнем телефонының қуаты таусылғанын сылтауратып, одан интернет желісін пайдалану үшін телефонын беруін өтінген. Осылайша жігіттің байқамай тұрғанын пайдаланып, банктің қосымшасы арқылы өзінің шотына ақша аударған. Келесі күні қыз кетіп қалғаннан кейін ақшасының жоғалғанын байқаған жәбірленуші полицияға жүгінген. 

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, жас қыздың елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру