Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер ішімдік ұрлаған күдіктіні құрықтады

Қызылордада полицейлер ішімдік ұрлаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

10 сәуірде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының кезекші бөліміне сауда орталығының директоры арызданды. 23 наурыз күні белгісіз азамат дүкеннен “Jack Daniels” маркалы виски ішімдігінің үш бөтелкесін ұрлап кеткен. Материалдық шығын 35 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында кезекші тәулікте күдікті азамат анықталып, ұсталды. Ол бұрын сотталған 36 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты келу туралы міндеттеме түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

Орын алған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Полицейлер оқиғаның мән-жайларын анықтап жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру