Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте қонақтарға қорқор ұсынған мейрамхана әкімшісінен түсініктеме алынды

Шымкентте қонақтарға қорқор ұсынған мейрамхана әкімшісінен түсініктеме алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылы 9 сәуір күні сағат 21:45 шамасында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы қызметкерлері мен арнайы мобильдік топ өкілдері рейдтік іс-шара жүргізді.

Іс-шара барысында Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы №88 үйде орналасқан “На Небе” мейрамханасының келушілері (жабық ғимаратында) қорқор (кальян) тұтынған.

Қоғамдық орындарда қорқор тұтынуға тыйым салудың бұзылу деректері мен Шымкент қаласының Бас санитарлық дәрігерінің №7 қаулысының ережелерін бірнеше рет сақтамауы анықталуына байланысты нысан әкімшісінен түсініктеме алынып, іс-құжаттар аудандық Тауарлар мен қызметтер сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына тиісті шара көру үшін жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру