Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола колониясының сотталғандарына Көкшетау қалалық мешітінің наиб-имамы келді

Ақмола колониясының сотталғандарына Көкшетау қалалық мешітінің наиб-имамы келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қасиетті ай қарсанында Ақмола облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЕЦ 166/24 мекемесінің жедел құрамы діни өкілдерімен, атап айтқанда Науан Хазрет атындағы Көкшетау қалалық мешітінің наиб-имамы – Байжігітов Диаспен және ораза ұстауға және ниет білдірген тоғыз сотталғанмен кездесу өтті. Диалог барысында сотталғандар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойды, атап айтсақ, мекеменің ішкі тәртіп ережелерін ескере отырып, ораза кезінде намаз оқу мен тыйымдар туралы әңгіме өрбіді. Имам түнгі уаққытта намаз оқу және тамақ ішу туралы айтты, кейінірек жадынамалар мен намаз оқу кестесін ұсынды. Онда намаз оқудың шарттары мен тамақтану уақыты көрсетілген, сондай-ақ қасиетті жазба бар кітаптар сыйға берілді. Кездесу соңында қатысқан сотталғандар мекемеге келгені үшін дін қызметкеріне алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру