Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда ұрланған затты сату кезінде күдікті қолға түсті

Петропавлда ұрланған затты сату кезінде күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2 сәуір Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөліміне пәтер ұрлығы жасалғаны туралы жеке тұрғын үй секторының тұрғыны жүгінді. Белгісіз қылмыскер пәтердің құлпын бұзып кіріп, үйден ұялы телефон, электр ұстарасын, ақша қаражатын қолды қылған. Бірер күн бұрын Екінші ПБ аумағында ұқсас сценарий бойынша жасалған ұсақ ұрлық тіркелген. Шығын сомасы 102 500 теңгені құраған. Полицейлер барлық бағыт бойынша тексерді. Куәгерлерден жауап алынды, криминалистер қылмыскердің қалдырған іздерін зерделеді.
Жедел уәкілдер мен учаскелік полиция инспекторлары бұрын сотты болған адамдарды, ұрланған заттарды сатып алуы мүмкін деген жерлерді тексерді. Дәл осы телефонды сату кезінде, бағдар бойынша өтетін, күдікті – ұқсас қылмыс жасағаны үшін бұрын сотты болған 29 жастағы қалалық ұсталды. Қазіргі кезде ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліуде. Ұрланған заттардың бір бөлігі қайтарылды. 

– Жыл басынан қызмет көрететін учаскеде 32 пәтер ұрлығы тіркелді, – дейді Екінші ПБ бастығы Руслан Сыздықов. – Тек соңғы екі ұрлықтың заңсыз енумен жасалғанын атап кеткен жөн. Басқа жағдайларда ұрлық еркін қол жеткізу арқылы немесе бірлескен отырыстардан кейін жасалған. Бүгінгі күні жалпы тіркелген пәтер ұрлықтарының 14-і өндіріспен аяқталды, тоғыз факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру