Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер мал ұрлығының алдын алу мақсатында күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Қызылордада полицейлер мал ұрлығының алдын алу мақсатында күшейтілген жұмыс режиміне көшті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес Қызылорда қаласының аумағында "Мал ұрлығы" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мал ұрлығының алдын алу, қылмыстардың жолын кесу, ұрланған малды анықтау, сондай-ақ заңсыз мал тасымалы мен мал өнімдерінің айналымына бақылауды күшейту.

Осыған байланысты Қызылорда қаласы полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері Қызылорда қалалық аумақтық инспекциясының мамандарымен бірлесіп, қалаға кіреберіс және шығаберіс бағыттарда, мал базарларында, ет өнімдерін сататын орындарда, шаруа қожалықтарында және мал ұстайтын аумақтарда тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Сонымен қатар тұрғындармен профилактикалық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, малды қараусыз қалдырмау, арнайы таңбалау, қауіпсіз жерде ұстау және қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде түсіндірме берілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру