Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полицейлер үстел теннисінен жарыс ұйымдастырды

Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы “Спорт есірткіге қарсы!” ұранымен оқушылар арасында үстел теннисінен жарыс ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жарыс барлық аудан орталықтарында және Қызылорда қаласында өтті. Оған 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Облыстың 95 оқу орнының теннисшілері жекелей кездесулерде сынға түсті. Төрешілер әр өңірде жеңімпаздарды анықтап, жүлделі I, II, III орындарды табыстады.

Бұл жарыста 125 жас спортшы үстел теннисі шеберліктерін көрсетті. Жанкүйерлер әр сәтті соққыны қызу қолдаумен қарсы алды.

Сайыс қорытындысы бойынша үздік деп танылғандар:

Бақдәулет Кенішбай (Қызылорда қаласы, №212 мектеп-гимназия);

Уайда Немат (Жаңақорған ауданы, №51 орта мектеп);

Мирас Байзақ (Арал ауданы, №260 орта мектеп);

Тимур Сайлаубаев (Қазалы ауданы, №249 мектеп-лицей);

Бекжан Нұртуғанұлы (Қармақшы ауданы, №99 орта мектеп);

Маржан Сайфулла (Жалағаш ауданы, №201 мектеп-лицей);

Нұрислам Абдулла (Сырдария ауданы, №44 орта мектеп);

Абдат Ақберген (Шиелі ауданы, №244 орта мектеп).

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру