Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада полиция көлік тізгінінде телефон пайдаланған 1286 жүргізушіні анықтады

Қызылордада полиция көлік тізгінінде телефон пайдаланған 1286 жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, жол-көлік оқиғаларының санын азайту, сондай-ақ жол жүру ережелерін бұзудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және патрульдік полиция батальон қызметкерлерімен көлік тізгінінде телефон пайдаланған 1286 жүргізуші жауапқа тартылды.

Автокөлік жүргізушілеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабы (Ұялы телефон пайдалану) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Телефон пайдаланып көлік басқарған жүргізушілер 5 АЕК (бес айлық есептік көрсеткіш) мөлшерінде айыппұл салынатыны туралы ескертілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру