Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысының полициясы мал ұрлығына қарсы шаралар қабылдап жатыр

Павлодар облысының полициясы мал ұрлығына қарсы шаралар қабылдап жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көктем-жаз кезеңінде мал көбінесе жазғы жайылымдарда, жайлауда болады, ал кейбір жағдайларда иелері мал басына тиісті бақылауды жүзеге асырмайды. Мұны мал ұрылары пайдалана алады.

Жыл басынан бері облыс аумағында мал ұрлығының 7 фактісі тіркелді, бір қылмыстық топ және мал ұрлығына күдікті жеті адам ұсталды.

– Тәжірибе көрсеткендей, мал ұрлығының себептері – жергілікті тұрғындардың өз мүлкін сақтау тұрғысынан немқұрайлылығы, ұйымдастырылмаған мал жаю, таңбалаудың болмауы және мал айдауға арналған жабдықталған сарайлардың болмауы, – дейді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Сонымен қатар, көбінесе қаңғыбас малдар ауыл көшелерінде және жақын маңдағы тас жолда апатты жағдай туғызады, бұл олардың өміріне ғана емес, қозғалысқа қатысушы адамдардың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіреді.

Өңірдің елдімекендерінде қараусыз еркін мал жаю үрдісі әлі де  жалғасып жатыр. Мал иелері тарапынан тиісті бақылаудың болмауы мал ұрлығына және автокөлік жолдарында елеулі қауіптерге әкеледі.

Мысалы Ертіс ауылына кіре берісте иесіз жайылып жүрген бес бас мал анықталды. Учаскелік полиция инспекторы мал иесін тапты, ол ауданның 38 жастағы тұрғыны болып шықты.

Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Биыл осындай бұзушылықтар үшін облыс полициясының қызметкерлері 308 мал иесін жауапқа тартты.

Естеріңізге сала кетейік, облыста қаңғыбас малды уақытша ұстауға арналған 146 қора жұмыс істейді, оған жыл басынан бері 3000-ға жуық бас мал қамалды.

Полиция департаменті әр азаматтың мүлікке құқығынан басқа, оның сақталуын қамтамасыз ету міндеті бар екендігін еске салады. Егер мүлкіңіздің қауіпсіздігі туралы дер кезінде алаңдасаңыз, бұл ең тиімді алдын алу шарасы болады. Есіңізде болсын, кез-келген қылмыстың алдын-алу оны жасаған адамдарды анықтаудан гөрі оңай.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру