Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтардың қатысуымен “Ашық есік” күні өтті

Қызылордада пробация есебіндегі азаматтардың қатысуымен “Ашық есік” күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өмірде жолдан сүрініп, аяғын шалыс басқан жандардың қоғамға қайта қалыптастырудағы жұмыстарды жандандыру мақсатында аудан прокуратурасының бастамасымен, Жаңақорған аудандық жұмыспен қамту орталығы мен аудандық пробация қызметінің ұйымдастыруымен карантин ережелерін сақтай отырып, пробация есебіндегі адамдардың қатысуымен ашық есік күні өтті.

Бүгінде мемлекет тарапынан қаржылай қолдау тауып, шаруасын дөңгелетіп отырған пробация есебіндегі азаматтардың қатары артып келеді.

Жыл басынан Жаңақорған аудандық пробация есебінде тұратын үш азамат нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде, мемлекеттен қайтарымсыз грант ұтып алды. Олар қайтарымсыз грантқа қол жеткізу үшін “Кәсіпкерлік негіздері” курсын тәмамдап, бизнес жоспар құрып, нәтижесінде 583 400 теңге көлеміндегі қаражатқа қол жеткізді.

Өз кәсіптерін ашқан есептегі азаматтарға сертификатты аудан прокуроры Әбіш Дарын табыстады. Қайтарымсыз қаражат алған азаматтың бірі дәнекерлеу цехын ашуды жоспарласа, екінші азамат мал шаруашылығымен айналысуға ниетті.

Сондай-ақ, ашық есік күніне жиналған есептегі азаматтар кәсіпкерлік ашу барысындағы құжаттарды рәсімдеу және несие алу бағытында сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру