Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да көлік жүксалғышынан еліктің еті табылды

ШҚО-да көлік жүксалғышынан еліктің еті табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын Зайсан ауданындағы “Омбы-Майқапшағай” тас жолында “Шевролет Нива” автокөлігі тоқтатылды. Тексеру барысында Боран ауылының 47 жастағы тұрғыны мен Зайсан қаласының 43 жастағы тұрғынының басқаруындағы көлікгінің жүксалғышынан жалпы салмағы 37 килограмм құрайтын екі еліктің еті және осы азаматтардың біріне тиесілі 16 калибрлі екі ұңғысы бар тегіс ұңғылы мылтық табылды және тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 337-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру