Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылорда облысында 148 мал иесі жауапкершілікке тартылды

Қызылорда облысында 148 мал иесі жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Малды бақылаусыз жаю, жануарлардың жолға шығуы қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.

Ағымдағы жылдың басынан бері облыс аумағында үй жануарларының қатысуымен алты жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан бес адам түрлі жарақат алды.

Осындай жол-көлік оқиғаларының алдын алу және болдырмау мақсатында Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері облыс жолдарында профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Аталған ереже негізінде, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексінің 408-бабының талаптарына сәйкес, Қызылорда облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі бөліністері қызметкерлерімен қараусыз жайылып жүрген ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне қатысты әкімшілік жазаларды қолдануда.
Ағымдағы жылдың басынан 148 мал иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Құрметті облыс тұрғындары, Қызылорда облысының Полиция департаменті ірі қара мал иелеріне оларды бақылаусыз жаюға жол бермеу туралы ескертеді. Үй жануарларының иелеріне жануарларды жаю, сондай-ақ оларды арнайы белгіленген орындардан тыс автомобиль жолдары арқылы айдап өту үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын ескертеді.

Жүргізушілер, өз кезегінде, тәуліктің түңгі уақытында елді мекендердің жанында, тиісті белгілер орнатылған жерлерде ерекше қырағы болып, жылдамдық режимін сақтауы қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру