Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада “Қаңғыбас” іс-шарасы жүргізілуде

Қызылордада “Қаңғыбас” іс-шарасы жүргізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz

Қала көлемінде 1-10 қыркүйек аралығында “Қаңғыбас” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Шараның негізгі мақсаты – тұрғылықты жері жоқ, қайыршылықпен және қаңғыбастықпен айналысатын тұлғаларды анықтау, сондай-ақ аталған санаттағы адамдардың арасында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу.

Профилактикалық мақсатта аймақты аралайтын полицейлер мұндай қаңғыбастардың жиналатын жерлерінен хабардар. Көбіне тексеру барысында бұл азаматтардың тұрғылықты мекенжайы мен жақын туыстарының бар екендігі анықталып жатады.

Полицейлердің айтуынша, кейбір қаңғыбастыққа салынған азаматтар өз еріктері мен отбасыларын тастап, айдалада өмір сүреді.

Іс-шара барысында Қызылорда қаласы аумағында өмірдің қиын жағдайына қалып, қаңғыбастыққа салынып, белгілі бір тұрақты мекенжайсыз жүрген 14 азамат Қызылорда ҚПБ ЖПҚб-ның қабылдау-тарату орнына жеткізіліп, есепке алынды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру