Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖ департаменті бастығы сәбилер үйіне барды

Қызылордада ҚАЖ департаменті бастығы сәбилер үйіне барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 маусым – Балаларды қорғау күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығы Шаймерден Есенкелдиев сәбилер үйіне барды. Департамент ұжымы мереке сайын сәбилерге қуаныш сыйлап, түрлі сыйлықтар тарту етіп, ізгі амал жасауды дәстүрге айналдырған.

Бүгінде жүз жылдық тарихы бар облыстық мамандандырылған сәбилер үйінде жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған және ақыл-ойының дамуында ақаулықтар кездесетін бір мен төрт жас аралығындағы  60-қа жуық балалар тәрбиеленуде.

– “Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады” дейді дана халқымыз.  Балалар – біздің болашағымыз, сондықтан оларды қолдауымыз керек. Бүгінгі бүлдіршіндер – еліміздің ертеңі мен болашағы. Келер күннің айнасы. Оларды қуанышқа бөлеу біздің парызымыз. Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ұжымы дәстүрлі түрде мереке сайын балаларға қуаныш сыйлаймыз. Бүгін де сәбилерімізге ең қажетті ойыншықтар тарту еттік, -деді департамент бастығы Ш. Есенкелдиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру