Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері арасында “Сөзмерген” сайысы өтті

Қызылорда облысы департаментінің тіл маманының ұйымдастыруымен ЗК-169/4 мекемесінде қызметкерлердің қатысуымен “Сөзмерген” тапқырлар сайысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайыстың мақсаты – қазақ сөз өнерінің құдіретін тереңірек сезіндіру, қазақтың мақал-мәтелдерінің қолданыс аясын ұғындыру, көнерген сөздердің мағынасын ашу. Сайысқа мекеме қызметкерлерінен құралған “Қыран” және “Алғыр” топтары қатысты. Сайыс үш кезеңде өтті.

Сайыстың барлық кезеңінің тапсырмалары Сөзмерген” деп аты айтып тұрғандай, берілген тапсырмаларға сөзді мергенше дәл, әрі ұтымды қолданып, тек жылдам жауап беру талап етеді.

“Мықты болса, тауып көр” кезеңінде сөз тіркесін құрап, оның мағынасын ашады. Осы кезеңде “Алғыр” тобы алға шықты. Екінші “Жүйрік болсаң, озып көр” кезеңде берілген сөздерден мақал- мәтелді жылдам құраған “Қыран” тобы болды. Ал, үшінші кезең “Ойлы болсаң, озып көр” көнерген сөздердің мағынасын ашу. Сөзмерген” сайысында нағыз сөз шеберлері тіл додасына түсті. Нәтижесінде, сайыс қорытындысымен “Қыран” тобы жеңімпаз атанды. Сайысқа қатысқан ойыншыларға арнайы сыйлықтары табыс етілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру