Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да пробация қызметінің ұйымдастыруымен “Табиғатты бірге сақтайық” акциясы өткізілді

Үржар аудандық №1 пробация қызметінің ұйымдастыруымен есепте тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаға сотталғандарды табиғи ресурстарды сақтау, су көздерін ашу, қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тарту мақсатында “Табиғатты бірге сақтайық” акциясы өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есепте тұрған азаматтар су жағалауларын күл-қоқыстардан тазартуға өз үлестерін қосты.

Пробация қызметі есебіндегі Дидар есімді азамат: – Иә, біз табиғатты қорғауды бүгіннен бастауымыз керек, тіпті үнемі есімізде сақтап табиғаттың ластануына қоғам болып, жабыла кіріссек нұр үстіне нұр болар еді. Мен өзімнің туған өлкемді оның табиғатын, әрбір тау-тасын өте жақсы көремін. Пробация қызметінің есебінде бола тұра мен табиғатты қорғауға байланысты барлық іс-шараларға қалмай қатысып, оны қорғауға бар ынта-жігерімді саламын, – деп өзінің осы іс-шарадан алған әсерімен бөлісті.

– Қазіргі таңда қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаларға сотталғандар арасында оларды қоғамға бейімдеу, олардың қоғамға керек екендіктерін, қоғамның бір мүшесі екендіктерін сезінуіне, қоғамға тез бейімделіп қайталама құқық бұзушылықтар жасаудан бойларын аулақ ұстауларына, түзелу жолына тез тұруына  бағытталған тәрбиелік іс-шаралар жиі өткізілуде. Қазіргі уақытта Үржар аудандық пробация қызметі есебіндегі сотталған азаматтар арасында қайталама қылмысқа жол беру дерегінің азаюы және де өткен жылдармен салыстырғанда пробация қызметінің есебіне алынған азаматтар санының төмендеуі, мемлекетіміздің тарпынан көптеп көңіл бөлінуі, осындай тәрбиелік мәні бар іс-шаралардың жиі өткізілуінен деп ойлаймын. Бұл бағыттағы тәрбиелік іс шаралар алдағы уақыттарда да жалғасын тауып өткізіле бермек. Табиғатты аялап, тазалықты сақтауды өзімізден бастайық, – деп сөзін аяқтады Үржар аудандық №1 пробация қызметінің бастығы Б.Ерденбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру