Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алтын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың мүшелері ұсталды

ІІМ қызметкерлері прокурорлармен бірлесіп ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҰҚТ мүшелері Ақмола облысының кәсіпорындарында шикізат ұрлаудың қалыптасқан схемасын қолданған. Шикізат алдымен жасырын шағын цехтарда өңделіп, содан соң елден шығарылып отырған.

Арнайы операция барысында полицейлер контрабанданың ірі арнасын жойып, 10 адамды ұстады. Айғақ заттар алынып, техникалық құралдар тәркіленді.

Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау фактісі бойынша ҚР ҚК 262-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, аталған бап 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздеген.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру