Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталған 20 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды

Қызылордада сотталғанның айыппұл түріндегі жазасы 20 сағат қоғамдық жұмысқа ауыстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қаласының тұрғыны Б., есімді ер адам 2018 жылдың 10 желтоқсанында Қызылорда қаласының №2 сотының үкімімен ҚР ҚК-нің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) кінәлі деп танылып, айлық есептік көрсеткіштің жиырма мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалған. Алайда бұл ер адам айыппұлды төлемей, жалтарып, 2021 жылдың 17 мамырында Қызылорда қаласының №2 сотының қаулысымен айыппұл түріндегі жазасы бір айлық есептік көрсеткіш үшін қоғамдық жұмыстардың бір сағаты есебімен 20 сағатқа қоғамдық жұмысқа ауыстырылған.

Жуырда Қызылорда қалалық пробация есебіне алынып, оған жаза өтеудің тәртібі мен міндеттері пробация қызметкерлерімен түсіндірілген. Қазіргі таңда ол қоғамдық жұмыс түріндегі жазасын қала әкімдігі белгілеген жерде тазалық жұмыстарын атқарып жүр. Күнделікті пробация қызметкерлерімен тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі уақытта қоғамға пайда әкелетін жергілікті атқарушы органдардың қаулысымен анықталған объектілерде қоғамдық жұмысқа 12 сотталған және 176 мәжбүрлі еңбекке тартылғандар жазасын өтеп жүр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру