Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғандар 60-қа жуық жаңа мамандық түрлерін игереді

Қызылордада ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандар 60-қа жуық жаңа мамандық түрлерін игереді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ мекемелеріндегі сотталғандардың білім деңгейін арттыру мақсатында Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Ш. Есенкелдиев,  И. Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық жоғары колледжінің директоры Б. Абдикаримов  және “Ақмешіт” гуманитарлық-техникалық институтының ректоры А. Шегенбаев өзара ынтамақтастық меморандумына қол қойды.

Бүгінде ҚАЖ мекемелеріндегі  сотталғандар “тігінші”, “ағаш ұстасы”, “электр  және газбен дәнекелеуші” мамандықтары бойынша білім алса, енді осы мамандықтарға жаңа оқу жылынан бастап тағы 60-қа жуық мамандық қосылатын болады.  Атап айтсақ, “Зоотехник”, “Техник-балық өсіруші”, “Ветеринария”, “Бухгалтер”, “Техник-геолог”, “Сүт және сүт өнімдерін өндіру”, “Орман шаруашылығы” т.б мамандықтар бар.

– Жаңа оқу жылынан бастап сотталғандар өз өтініштері бойынша қалаған мамандығын оқи алады. Бостандықта жүріп жоғары білім ала алмағандар үшін тиімді. Оқу ақылы. Оқу ақысын сотталғандар қаражатты өз есебінен төлейді. Оқудың ұзақтығы бір жыл. Мекеме әкімшілігі тарапынан сотталғандардың онлайн форматта сабаққа қатысуына мүмкіндік беріледі. Оқуды тәмамдап, диплом алған соң, олар мекеме ішінде жұмысқа орналаса алады. Бостандыққа шыққан соң да қайда барамын, қайда жұмыс жасаймын деген оймен емес, дайын маман болып, дипломмен шығады,- деді департамент бастығы Ш. Есенкелдиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру