Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғандар арасында спорттық жарыс өтті

Қызылордада сотталғандар арасында спорттық жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 желтоқсанда ЗК-169/4 мекемесінде тәрбие бөлімінің ұйымдастыруымен мекемеде жазасын өтеушілер арасында спорттық шара өтті. Мақсаты – сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстануға шақыру, бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру.

Жарыс спорттың дойбы, шахмат, арқан тартыс, гір көтеру, қол күрес түрлерінен өтті.

Сайысқа мекемедегі барлық жазасын өтеуші сотталғандар қатысты. Арқан тартыста әр жасақтан бір-бір командадан қатысты. Қол күрес жарысына білек күші мықты сотталғандар қатысып, жарыс көркін қыздырды.

Қызықты да тартысты өткен жарыста жеңімпаздар анықталып, мекеме бастығының алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

– Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Бала кезімнен спортты жаныма серік еткенмін. Бүгінгі жарыста қарсыластарым да осал болмады. Жарыс қорытындысымен жеңімпаз атандым, ұйымдастырушыларға алғысым шексіз, – деді есептегі азамат.

– Мұндай спорттық шараларды жиі өткізу сотталғандардың салауатты өмір салтын ұстанып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, түзелу жолына түсуіне берері мол. Себебі еңбекпен тәрбиелеу секілді спортпен тәрбиелеуді қатар алып жүрудің де маңызы жоғары. Алдағы уақытта қателікке бой алдырмай, қоғамда өз орны бар мемлекетіміздің азаматы болып, бостандыққа шығып, отбасыларыңызға аман-есен қауышыңыздар, – деді тәрбие бөлімінің бастығы Абдолла Уайдаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру