Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада сотталғанға жасырын түрде телефон жеткізу әрекеті әшкереленді

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғанға тыйым салынған затты жеткізу әрекетінің жолы кесілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.

15 жылға бас бостандығынан айырылған сотталғанға қысқа мерзімді кездесуге келген танысы сәлем-сауқат алып келген. Оны тексеру барысында ҚР Ұлттық ұланының 5547 әскери бөлімі мен мекеме қызметкерлері бөлке нанның ішіне мұқият жасырылған телефонды анықтап, тәркіледі.

Мекеме бастығының міндетін атқарушы Ерлік Махановтың айтуынша, мекемеге келіп түсетін барлық сәлем-сауқат рентген аппараты арқылы мұқият тексеріледі.

– Соған қарамастан, кейбір азаматтар тыйым салынған заттарды заңсыз жолмен жеткізуге әрекет етеді. Алайда заңды білмеу жауапкершіліктен босатпайды. Бұл бағытта сотталғандардың туыстарымен күнделікті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, – деді Ерлік Маханов.

Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабының 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды. Қазіргі уақытта тиісті құжаттар сотқа жолдануға дайындалуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру