Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада тергеу изоляторының бастығы тілшілермен кездесті

Қызылордада тергеу изоляторының бастығы тілшілермен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылғы атқарылған жұмыс нәтежиесінің қорытындысы есебінде ЗК-169/1 тергеу изоляторының бастығы Алмат Тасқараев төртінші билік өкідерімен кездесті.

Кездесуге Halyqline.kz aқпарат агенттігінің редакторы Рыскелді Жахман, газет тілшісі Азамат Абимолда, “Елтілегі” газетінің журналисі Зибаш Әлиқызы, “Қоғам” телеарнасының журналисі Олжас Дәуіт пен Арайлым Кенжебек және облыстық телеарнадан Амина Усенова арнайы шақыртылды.

Бұдан бөлек, Polisia.kz сайтының журналисі Назира Маханова мен Zanmedia.kz сайтынан Ақбота Қуанышбекова онлайн түрінде қатысты.

Кездесу барысында мекеме бастығы алдымен ҚАЖ саласына енгізілген жаңалықтар мен мекеменің қызметтік бөліміндегі атқарылған жұмыстар жайлы баяндап берді.

– Жабық мекеме болғандықтан, сырт ортаға пенитенциярлық жүйе жұмысын жариялауда сақтық пен білімділік керек. Жаза мерзімін өтеп жатқандар және тергеудегілермен өткізілетін тәрбие жұмыстарынан бөлек, жеке құраммен атқарылатын іс-шаралар жайында сіздер жариялаған мақалалар арқылы қалың көпшілікке танылып отырмыз. Сондықтан да осы байланысымызды алдағы уақытта да жалғастырып, бекіте түссейік. Жұмыстарыңызға табыс тілеймін – деді А. Тасқараев.

Іс-шара соңында мекеме бастығы журналистерді алғыс хаттармен марапаттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру