Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Түнгі қаладағы балалар” іс-шарасы: Жамбылда 112 кәмелетке толмаған жасөспірім полицияға жеткізілді

Жамбылда 112 кәмелетке толмаған жасөспірім полицияға жеткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 желтоқсаннан бастап Жамбыл облысының аумағында “Түнгі қаладағы балалар” жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың құқықтарын бұзуды, балалар еңбегін пайдалану деректерін анықтау, балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының, оның ішінде кәмелетке толмағандардың ойын-сауық мекемелерінде және тұрғынжайдан тыс жерлерде тәуліктің кешкі және түнгі уақытында болу дерегін анықтау.

Алғашқы күннің қорытындысы бойынша тәртіп сақшылары 467 нысанды (саяжай, шаруа қожалығы, үйлердің жертөлелері, вокзалдар, ойын-сауық мекемелері және т.б.) тексерді. Түрлі құқық бұзушылықтар жасағаны үшін ішкі істер органдарына 112 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Олардың ата-аналары Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Алкоголь өнімдерін сату ережелері туралы ҚР заңнамасын бұзудың 8 дерегі анықталды. Аталған дүкен иелері ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды.

ҚР ӘҚБтК-нің талаптарын бұзуға қатысты қосымша 117 басқа бұзушылықтар анықталды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз көңіл көтеру орындарында болуының жеті дерегі анықталды.

Кафе-барлардың иелері ҚР ӘҚБтК-нің 132-бабы бойынша, ал заңды өкілдері ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабының 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, балалар еңбегін пайдаланудың екі дерегі және оқудан жалтарған және сабаққа ұдайы қатыспайтын 9 жасөспірім анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру