Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ІІО-ның ардагерлері: “Біз мықтылардан үлгі алдық”

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде еліміздің ішкі істер органдары өткен күндердің озық дәстүрлері мен үздік әлемдік тәжірибені игере отырып, дамудың үлкен жолынан өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәуелсіздік жылдарында құқық қорғау органдары жетіле түсті, қылмысқа қарсы күрестің тиімді жүйесі құрылды. Жаңа заңдар күшіне еніп, реформа жүргізілуде. Ішкі істер органдары қылмысқа қарсы күресті ұйымдастыру мен құқықтық тәртіпті нығайту барысында туындаған көптеген мәселелерді шешті.

ҚР Ішкі істер министрлігі құқықбұзушылықтардың алдын алып, азаматтарды криминалдық қол сұғушылықтан қорғауды қамтамасыз ету үшін нақты шаралар қабылдады. Қазіргі заманауи полиция жүйесінің қалыптасқан бейнесі – сол қиын жылдардың нәтижесі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру