Қызылордада зауыттан ұрлық жасаған азаматтар сотталды
Қызылордада зауыттан үш дана электрқозғалтқыш ұрлаған күдіктілер сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өткен жылдың желтоқсан айында Тасбөгет кенті Махамбет ауылына қарасты кірпіш зауытынан үш дана электрқозғалтқыш ұрланғандығы туралы арыз түскен. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 2-бөлігінің 1-тармағымен (Ұрлық) тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы қылмысты жасауға күдікті ретінде Қызылорда қаласының екі тұрғыны анықталып, ұсталды. Олар жасаған қылмыстарын толығымен мойындады.
Бұдан бөлек, тергеу барысында күдіктілердің аталған қылмыстан бөлек, қоймаға заңсыз кіру арқылы бөтеннің мүлкін жасырын жымқырып, ұрлық жасағаны анықталып, аталған қылмыстық істер бір өндіріске біріктірілген.
2021 жылғы 27 қаңтарда аталған азаматтар сот үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 2,3-тармақтарымен кінәлі деп танылып, олардың әрқайсысына үш жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған. Сот үкімі заңды күшіне енді.