Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада жыл басынан бері балалардың терезеден құлау дерегінің 2 оқиғасы тіркелді

Қызылордада жыл басынан бері балалардың терезеден құлау дерегінің екі оқиғасы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Балалардың жарақат алуы мен оқыс оқиғаларға әкеліп соғатын негізгі себептердің бірі – ол терезеден құлау оқиғалары. Жыл басынан бері Қызылорда қаласында балалардың терезеден құлау дерегінің екі оқиғасы тіркелді.

Аталған деректер ҚР ҚК-нің 141-бабы бойынша (Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау) тіркеліп, олар бойынша қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.Ата-аналарды қауіпсіздік шараларын сақтап, кішкентай балаларды терезесі ашық бөлмеде жалғыз өздерін қалдырмауларын және төмендегі кеңестерге назар аударуларын сұраймыз.

– Үйде балалар болған жағдайда, ешқашан терезені ашық қалдырмаңыз;
– Баланың терезені өздігінен аша алмауы үшін  арнайы  құлып жүйесін орнатыңыз;
– Терезенің алдындағы жиһазды басқа жерге қойыңыз, бұл баланың құлауының алдын алуға септігін тигізеді;
– Терезелерге темір  қоршаулар орнату қажет.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру