Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордадағы түзеу мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған ашық есік күні өтті

Қызылордадағы түзеу мекемесінде сотталғандардың туыстарына арналған ашық есік күні өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №37 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде ашық есік күні өтті. Бұл күні аталған мекемедегі карантин бөліміндегі сотталғандар жақындарымен жүздесіп, қуанышқа бөленді.

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған ашық есік күні жазасын өтеп жатқандар да, олармен қауышуға келген туысқандары да қуаныштарын жасырмады.

– Сенбі күні ұйымдастырылған ашық есік күніне сотталғандардың туыстары келді. Шараға келген ата-аналар тек жақындарымен кездесіп қана қойған жоқ, олардың жатын және демалатын орындары, бос уақытын өткізетін кітапхананы, асхананы аралып, мекеменің тыныс-тіршілігімен танысты. Мен сотталғандарға ашық есік күнін өткізу туралы хабарлағанымда, олардың жүздерінен шынайы қуанғандарын байқадым. Мен үшін бұл біздің қызметіміздің тиімділігінің ең жақсы көрсеткіші, өйткені туыстарымен байланыста болу – сотталғандарды түзетуге, тез бостандыққа шығып, туыстарына оралуға ынталандыратын тәрбие жұмысының әдістерінің бірі, – дейді тәрбие бөлімінің бастығы А.Уайдаев.

– Баламмен қауышып, жағдайын білдім. Таксофон және бейне қоңыраулар арқылы араласып жатсақ та, көзбе-көз кездесуге еш нәрсе жетпейді. Департамент пен мекеме басшылығына, сондай-ақ осы іс-шараны ұйымдастыруға қатысқан барлық қызметкерлерге алғысым шексіз, – деді сотталғанның анасы .

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру