Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордағы түзеу мекемесінде 10 сотталғанға маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды

Қызылордағы түзеу мекемесінде 10 сотталғанға маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЗК-169/4 мекемесінде абайсызда қылмыс жасағандар жазасын өтейді. Мекемеде жазасын өтеушілердің арасында ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) кінәлі деп танылып, бір жылға 45 адам сотталған. Олардың арасында 10 сотталған ҚР ҚК-нің 91-бабының 1-бөлігімен маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу тағайындалғандары да бар.

Мекеменің дәрігерлік денсаулық бекетінің фельдшері Ж. Иманбектің айтуынша, мәжбүрлеп емдеу тағайындалған сотталғандарға Қызылорда облыстық психикалық денсаулық орталығының нарколог мамандары ем тағайындайды. Емдеу шаралары бойынша 15 күн мен екі ай аралығында мекеменің медицина бөлімінің қызметкерлері емдік жұмыстарын жүргізеді. Осылайша, мекемеде жазасын өтей жүріп, маскүнемдіктен де емделіп шығады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру