Қызылордалық полицейлер 400-ге жуық қару иелерін тексерді
Қызылордалық полицейлер 400-ге жуық қару иелерін тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Заңсыз атыс қаруымен жасалатын және қару ұрлығы қылмыстарының алдын алу, болдырмау мақсатында облыс көлемінде «Қару» жедел-профилактикалық іс-шарасының бір күнінде 375 қару иелері тексеріліп, 21 құқық бұзушылықтар анықталды.
Әкімшілік кодексінің 482-бабына сәйкес заңсыз айналымнан үш қару тәркіленді.
Кодекстің 484-бабына сәйкес (Қаруды сақтау ережесін бұзу) 16 азаматқа, 486-бабына сәйкес (Қару тасымалдау, тіркеу ережелерін бұзу) бес азаматқа әкімшілік шара көрілді.
Қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын білуін тексеру үшін 21 қару иелері емтихан тапсыруға жолданды.