Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер бұзақылық қылмысын жасаған жасөспірімді құрықтады

Қызылордалық полицейлер бұзақылық қылмысын жасаған жасөспірімді құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

31 қазан күні сағат 17:45 шамасында Медициналық колледж студенттері мен Қызмет көрсету және сервис колледжі студенттері арасында жанжал пайда болып, кәмелетке толмаған жасөспірім екі студентке дене жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған. Пышақ жарақатын алған жәбірленушілер дәрігерлерге қаралған.

Осы дерек бойынша басқарма қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары негізінде бұзақылық қылмысына қатысы бар жасөспірімдер анықталып, басқармаға жеткізілді.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабының 3-бөлігі (Бұзақылық) бойынша іс қозғалды.

Әрекеті дәлелденген 16 жастағы жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған баптың санкциясымен ұсталған жасөспірімге қатысты 3 жылдан 7 жылға дейінгі бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру