Қызылордалық полицейлер ізін суытпай көлік құралын заңсыз иемденген азаматты ұстады
Қазалыда біреудің автокөлігін заңсыз айдап әкеткен бұрын сотталған азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазан айының 24 күні Қызылорда облысы Қазалы аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны қоңырау шалып, үйінің алдында тұрған «Ваз-2105» автокөлігін белгісіз біреудің ұрлап кеткені туралы арызданған.
Аталған хабарлама бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында іздеудегі «ВАЗ-2105» маркалы автокөлік Әйтеке би кенті тұрғынының үйінің алдынан табылды.
Автокөлікті заңсыз иемденген қылмыстық жазасын шартты түрде өтеуге сотталған 34 жастағы тұрғын анықталды.
Қазіргі таңда орын алған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Автомобильдi немесе өзге де көлiк құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу (айдап кету) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.