Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер мал ұрыларын ұстады

Қызылордалық полицейлер мал ұрыларын ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда облысы ПД Сырдария аудандық полиция бөліміне ауыл тұрғыны жайылымнан 12 бас ешкісі және 8 бас қойы ұрланғандығы туралы шағым түсірді.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері күдікті ретінде үш аудан тұрғынын анықтап, ұстады. Айғақ заттар алынды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-1 бабының 2-бөлігімен (Мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру