Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер мектеп оқушысына планшет сыйлады

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері игі дәстүрді жалғастыра отырып, көп балалы отбасылардың балаларына көмек көрсетуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі уақытта қашықтықтан оқып жатқан бастауыш сынып​ оқушысына жаңа планшетті сыйға тартып, қуаныш сыйлады.

Аудандық полиция қызметкерлері алты көп балалы отбасыға көмек көрсетті. Олар оқушыларға арналған оқу құралдарымен бірге ​ азық-түлік апарып беріп, балаларға тек бес деген бағаға оқуға және ата-аналарға, мұғалімдер мен​ тәлімгерлердің тілін алуға тілек білдірді.

Балалардың ата-аналары жеке құрамға және полиция бөлімінің басшылығына өз алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру