Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Асыл қазыналарымыз ардақталды

Қарттар күніне орай ЖД-158/4 мекемесінің қызметкерлері қарияларға тосынсый әзірледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласындағы №1 арнаулы әлеуметтік қызметтер ұсыну орталығына арнайы барған ҚАЖ қызметкерлері қамкөңіл жандар үшін мерекелік дастархан жайып, арнайы кәдесыйларын табыс етті.

Қашанда үлкенді сыйлау, қарияны құрметтеу дәстүрі – қазақ халқының ата салты екені белгілі. Елімізде қарт адамдарға деген ықылас жыл сайын артып, мемлекет тарапынан оларға көрсетілетін көмектің көлемі де ұлғайып келеді.

Жылы жүздесуде ата-апалар: – Жастармен жүздесіп, әңгіме дүкен құру арқылы бір серпіліп қалдық, – дейді өз әсерлерімен бөлісіп.

Ал жастар жағы көне көз қариялардан бата алғанына қуанышты. Айта кетейік, бұл шара мекеме қызметкерлерінің үлкенге құрмет көрсету тұрғысындағы ауқымды жобаларының бір бөлігі ғана.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру