Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер мұқтаж жандарға қан тапсырды

Қызылордалық полицейлер мұқтаж жандарға қан тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 28 шілдесінде Қызылорда қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция батальоны қызметкерлері мұқтаж жандарға қан тапсырды.

Облыстық қан орталығына ондаған қызметкер өз еркімен адамдарға көмектесу мақсатында донор болып, өз көмек қолдарын созды.

Игі істі бастамас бұрын барлық донорлар медициналық тексеруден өтеді. Қарсы көрсетілімдер болмаған жағдайда ғана қан тапсыруға болады. Әр донордан 450 мл қан алады. Процедураның өзі дайындықпен бірге 20 минуттан аспайды.

– “Бір донор-бір өмір” деп бекер айтылмаған және біздің іс-әрекеттеріміз біреудің анасы мен әкесінің, баласы мен ағасының өмірін сақтап қалуға көмектеседі деп үміттенеміз. Біз азаматтарды қан тапсыруға және адамдарға көмектесуге шақырамыз, – деді полиция аға-лейтенанты Теңізбай Нұрбек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру