Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер тағы да ірі есірткі алқабын жойды

Қызылордалық полицейлер тағы да ірі есірткі алқабын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz

“Қарасора-2022” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҚР ҰҚК Қызылорда облысы және Байқоңыр департаменті мен Шиелі АПб-ның қызметкерлерімен бірлесіп жүргізілген жедел іс-шара барысында 34 жастағы қала тұрғыны Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты далалық жерде қалың сексеуілдер арасында 1 665 түп сора өсімдігін еккені үшін құрықталып, ұсталды.

Оқиға басынан ұсталған күдіктіге жеке тінту жүргізу барысында одан кептірілген марихуана есірткі заты алынды. Сонымен қатар, полицейлер оқиға орнынан заң бұзушылардың жеке заттарын, азық – түлік, сора өсіруге арналған арнайы жабдықтар: палатка, тоқ генераторын, 20 метрлік шланга тәркіледі.

Сараптама қорытындысына сәйкес, заттай дәлелдеме ретінде алынған зат жалпы салмағы 8,59 келі сора өсімдігі мен 657,14 грамм кептірілген марихуана болып шықты. Күдікті Шиелі аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 3-бөлігімен және 300 -бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру