Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жайылымдық жерден мал ұрлаған күдікті үшеу қамауға алынды

Түркістан облысында жайылымдық жерден мал ұрлаған күдікті үшеу қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Сауран аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның жайылымда жүрген алты бас саулық қойын, екі бас қозысын белгісіз біреулер ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 430 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-1-бабы (Мал ұрлығы) бойынша СДТБТ-ға тіркеуге алды. Тәртіп сақшылары хабарламаны естіген бойда оқиға орнына бірден жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатында қажетті шараларды жүзеге асырды.

Полицейлер жақын аумақты түгел қарап шығып, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде, қылмысқа күдікті ретінде Түркістан қаласының үш тұрғыны ұсталды. Сезікті үш жігіттің екеуі ағайынды, үшіншісі досы болып келеді. Олар ұрлыққа түнгі уақытта бақташының жоқтығын пайдаланып барған.

Күдіктілер ұрлаған малдарды сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктілер қамауға алынды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру