Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Пәтер алуға көмектесемін”: Семейде алаяқ әйел заң алдында жауап бермек

Пәтер алуға көмектесемін деп семейлікті алдап кеткен алаяқ әйел заң алдында жауап бермек, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Семей қаласының 66 жастағы тұрғынының алаяқтық туралы арызы Орталық полиция бөліміне маусым айының басында келіп түсті. Жәбірленушінің айтуынша, 2022 жылдың наурызында бейтаныс әйел алдап, сеніміне кіріп, пәтер алуға көмектесемін деген сылтаумен 1,3 млн теңге қаражатын иемденген.

Аталған қылмысты ашу және алаяқтық әрекеттерге қатысы бар адамды анықтау үшін криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іс-шаралар кешенін өткізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде, жедел уәкілдер 52 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады. Қазіргі уақытта ұрланған қаражат ішінара тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру