Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақстан полициясының құрдасы – майор шеніндегі полицей-ару қызметі және өзі жайлы айтты

Солтүстік Қазақстан облысының ең ірі полиция бөлінісі – Петропавл қаласының полиция басқармасында Қазақстан полициясының құрдасы полиция майоры Ксения Владимировна Ищенко қызмет етеді. Ел полициясының 30 жылдығы қарсаңында полицей ару мамандыққа жетуде өткерген кезеңдерін, қызметтің ерекшеліктері және немен әуестенеті жайлы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жергілікті полиция қызметі бөліміндегі учаскелік полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы – Ксения Ищенконың қазіргі лауазымы осындай. Жұмыс ауқымы өте кең. Учаскелік полиция инспекторларының жұмысы “Мың бір міндеттің жұмысы” деп бекерге айтылмаған. 100-ден астам полиция қызметкерлерінің жұмысын бақылау және ұйымдастыру оңай шаруа емес, өте жауапты. Бұрын сотталған адамдар, отбасылық жанжалдар, бұзақылар, маскүнемдер, нашақорлар, сондай-ақ аңшы қаруының иелері – учаскелік полиция инспекторлары күн сайын жұмыс істейтін адамдар әр түрлі. Заң аясында әрекет ете отырып, барлығының тілін тауып, сыпайы болу керек.

Ксения Ищенко туралы басшылық пен әріптестері оң пікірде. Петропавл қалалық ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Айдын Ақмағамбетовтың айтуынша, учаскелік полиция инспекторлары жеке құрамының штаты 101 қызметкерді құрайды. Учаскелік инспекторлар өз жұмысында барлық бағыттарды қамтиды. Сәйкесінше, полиция майоры Ксения Ищенконың да жұмысы көп қырлы. Ол өз міндеттерін өте жақсы атқарады.

Ксенияның айтуынша, оның туыстарының ешқайсысы ішкі істер органдарында жұмыс істемеген. Сервистік үлгідегі форматта жұмыс істейтін мықты деген полиция бөлінісінде қызмет етіп жүргенін мақтан тұтады. Ішкі істер министрлігінің Бәрімбек Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын аяқтаған соң бастапқыда криминалдық полиция бөлімінде қызмет еткен. Ведомстволық жоғары оқу орнында төрт жыл оқып, криминалдық полицияда жинаған тәжірибесі қазіргі жұмысында өте пайдалы болды.

Бос уақытында полицей-қыз отбасымен және жақындарымен бірге болғанды ұнатады. Хоббиі – заң психологиясы, профайлинг және классикалық әдебиетті оқу. Қазақстан полициясының 30 жылдығына орай Ксения Ищенко ішкі істер органдарының ардагерлерін, әріптестері мен олардың отбасы мүшелерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, барлық жерлестеріне тыныштық, амандық және ашық аспан тілейді.

СҚО полициясында Қазақстан полициясының 86 құрдасы қызмет етеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру