Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер тұрғынды марихуанамен ұстады

Қызылордалық полицейлер тұрғынды марихуанамен ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қарашада Қызылорда қалалық Полиция басқармасы Жергілікті полиция қызметі бөлімінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлерімен жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында есірткі затын сақтаған облыс орталығының тұрғыны ұсталды.

Тексеру барысында облыс тұрғынынан жасыл түсті өзіне тән иісі бар шөп тәріздес зат анықталған. Сараптама қорытындысы бұл заттардың “марихуана” есірткі заты екендігін бекіткен.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен (Есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру