Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылда тұрғынның 160 қойы мен 10 ешкісін ұрлап кеткен екеу құрықталды

Жамбылда тұрғынның 160 қойы мен 10 ешкісін ұрлап кеткен екеу ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл аудандық полция бөліміне 42 жастағы тұрғын жүгініп, екі адам белгісіз тұлғаның 160 бас қой және 10 бас ешкі уақ малдарын ұрлап кетіп, 6 550 000 тенге материалдық шығын келтіргендігін хабарлады.

Криминалдық полиция қызметкерлерімен аталған қылмыс бойынша жедел-іздестіру шараларының барысында 44 жастағы аудан тұрғыны және 33 жастағы Тараз қаласының тұрғыны ұсталды.

Күдіктілер өз кінәсін толығымен мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 188-1-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру