Қызылордалық полицейлер тыл ардагеріне көмек көрсетті
Ұлы Жеңіс күні қарсаңында облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері тыл ардагері Ақжібек Найзағараеваны құрметтеп, құттықтады.
Жасы 90-ға таяп қалған Ақжібек әже Қызылорда қаласында тұрады. Ұлы Отан соғысы басталған кезде ол мектеп жасына дейінгі бала болатын. Соған қарамастан, сұрапыл майданға аттанған отандық солдаттар үшін азық егіп, жинап, өндеп, үлесін қосқан. Ақжібектің әкесі Әбіш Ленинградтағы шайқасқа қатысқан майдангер. Бірнеше күн окопта жатып, жауды тосқан ол, өзінің полктастарымен бірге ондаған фашистің көзін жойған екен. Әжейдің айтуынша, Әбіш батырдың қолынан көптеген қарсылас солдат қаза тапқан. Бірақ, отаны үшін қан төккен ол өз дегеніне жете алмай, бір аяғынан айырылып, мүгедек болып туған елге оралған. Туған өлкеде көз жасын төккен күйде екі қызын құшағына қысып қалған отанасы Әбіштің тірі оралғанына қуанып, күнінің соңына дейін жағдайын жасап, отбасын жалғыз өзі асыраған.
Әкем бір аяғын тізеден төмен майданда қалдырып келді. Соған да тәубә дедік. Ал інісі Адыран із-түссіз жоғалып хабарсыз кетті. Соғыстың құлақ жарардай дыбысы ұзақ жылдарға дейін құлағымыздан кетпеді. Оған қоса титтей болса да Адыран көкемізден хабар күтіп үмітімізді үзбедік, – деді Ақжібек әже.