Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да заңсыз айналымнан атқыш қаруға арналған оқтар алынды

Тергеу изоляторының жедел бөлімі қызметкерлері заңсыз айналымнан атқыш қаруға арналған оқтарды тәркілеуіне ішкі істер органдарына көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қылмыстарды ашуға және алдын алуға бағытталған “Қару” жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізу уақытында тергеу изоляторында қамауда отырған П. азаматтан, бұрын бостандықта бола отырып, заңсыз түрде атқыш қаруға арналған оқтарды сақтаған және ол оқтар Алтай қаласында белгілі бір үйде жасырын түрде тығылғаны мүмкін деген ақпарат түскен.

Жасырын орны туралы нақты ақпарат пенитенциарлық жүйесінің жедел бөлімімен алынып өз-ара іс-қимыл шеңберінде ішкі істер органына жолданылған.

29 сәуір жедел-іздестіру шаралары барысында аталған П. азамат көрсеткен үйден 7,62*39 калибрлі”АК-74, АК, КҚП, Сайга” мылтықтарына арналған 38 дана оқ тәркіленген.

Осы дерек СДБТР тіркеліп, ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық ісі қозғалған.

Және де атап айтуға болатыны, өз еркімен қаруды тапсыратын адамдар, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру